Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Qamqor-Sharapat» директоры – Ұлытау облысында

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 08.10.2024 968 0 пікір
«Qamqor-Sharapat» директоры – Ұлытау облысында

ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы жұмыс сапарымен Ұлытау облысында болды.

Алдымен ол Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Жансаринмен бірге Сәтбаев қаласы әкімімен кездесу өткізді. Жиында Мейрамбек Қабылбекұлы салттық қызмет орталығының мақсаты, қызметтік бағытын кең көлемде таныстыра келе: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жерлеу рәсімдерін ел көлемінде бірізге түсіру, ысырапты болдырмау, салт-санамыздың ұтымды тұстарын жаңғырту мақсатында «Qamqor-Sharapat» орталығы құрылды. Заман талабына сай мұсылманша қызмет көрсетін орталық жоралғыларды шариғат шеңберінде, салт-дәстүрге сай өткізеді. Жерлеу қызметінің жабдықтары мен бағасы айқындалып, зират тұрғызудың бірыңғай үлгісі әзірленіп, халыққа ұсынылды. Баға және жабдықтар құны қолжетімді болады» деп баяндап, қазіргі таңда қолға алынған шаруаларды талдап-түсіндірді.

Кездесуде жергілікті әкімшілік тарап осы саладағы мәселелерге байланысты сауалын қойып, 28 гектар жерді қоршауға уағдаласты. Алдағы уақытта бұл бағытта халыққа жерлеу рәсімдері, зиярат ету және ас беру мәдениетін түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу мәселелері талқыланды.

Жергілікті әкімдіктегі кездесуден соң Мейрамбек Қабылбекұлы Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің жаназа рәсімдері бөлмесімен танысты. Аталмыш мешіттің
жауапты маманына бірқатар тапсырмалар беріп, халық арасында «Зират және зиярат» секілді құжаттарды таныстырудың маңызын түсіндірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру