Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің Әйел-қыздар секторына жауапты маман Жансая Салауатқызының ұйымдастыруымен адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған Мәуліт кеші өтті.
Рухани басқосудың тағылымдық-тәрбиелік мәні жоғары болу үшін бағдарлама жасалды. Онда шақырылған әйел қауымының дүниетанымын кеңейтіп, жан сарайын байыту мақсатында викториналық ойындар ұйымдастырылып, ұмытылмас әсер қалдырды.
Осы кеште облыстың бас имамы Бектұрсын Уәлиев жүрегі нәзік жандармен кездесіп, уағыз-насихат айтты. Барлық қатысушыларға Мәуліт мерекесінің құрметіне сыйлықтар табыс етіліп, дастархан жайылды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру