Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов ауданның бас имамы Жасұлан Қағазғалиевке арнайы төсбелгі табыс етті.
Су тасқыны кезінде жанқиярлықпен еңбек етіп, кейін тасқын салдарын жоюға атсалысқаны үшін Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев арнайы төсбелгімен марапатталды.
«Жылыой ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде көрсеткен көмегіңіз үшін алғыс білдіремін. Және тасқын кезінде ұйымдастыру жұмыстарына қатысқан Жылыой мешіті ұжымы мен жамағатына ризашылығымды жеткіземін» деп атап өтті Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.
Еске сала кетсек, Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен үйлерді зерделеген тәуелсіз бағалау комиссиясы су тасқынынан зардап шеккен 2 650 отбасына өтемақы төлеу туралы шешім шығарған болатын. Қазіргі уақытта тұрғындар толықтай өтемақы алды. Және «Болашақ» шағын ауданынан салынып жатқан 100 үйдің алғашқы тұрғындарына жаңа баспана кілттері тапсырылды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру