Алматы қаласы Медеу ауданының «Фатима» мешітінде Мәуліт оқылып, жамағатқа дастархан жайылды.
Адамзаттың ардақтысы, Алла Елшісі Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне рухани бас қосу іс-шарасына Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Сыздықов және мешіт имамдары қатысты. Жамағатпен Мәуліт оқылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған салауат айтты. Имамдар тарапынан Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірін үлгі ету әрбір мұсылман үшін парыз екенін атап өтіп, уағыз-насихат айтылды. Соңынан жамағат үшін арнайы дастархан жайылып, мешіт ақсақалдары бата жасады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
07.10.2024
1366
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру