Қарағанды қаласынжа ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Сағындым сені Мұхаммед» тақырыбында рухани мәуліт кеші өтті.
Рухани іс-шараға сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы арнайы қатысып, әйел жамағатына уағыз-насихат айтты. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолынан мысалдар келтіріп, әсіресе, Алла елшісінің әйел адамдармен, жұбайлары, қыздарымен қарым-қатынасы қандай болғанына тоқталды.
Кешке жиналған аналар, қыз-келіншектер Пайғамбарымызға сәлем-салауат жолдап, ел амандығы үшін дұға жасады. Сондай-ақ қатысушы әйел жамағаты арасында ұтыс ойнатылып, қала тұрғынына ұмра қажылығына жолдама бұйырды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру