Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНА ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 04.09.2024 1269 0 пікір
АСТАНА ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Елордада орналасқан «Достық үйі» ғимаратында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Ізгі қоғам», «Дін мен дәстүр» бағыттары аясында Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында имамдарға арналған семинар өтті.

Шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, қалалық Дін істері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Манас Айтқалиұлы, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Әзімханұлы және Дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Сұлтанбейбарыс Асанұлы, елордалық дін қызметкерлері қатысты.

Ең әуелі еліміздің мемлекеттік әнұранымен шымылдығы ашылған жиында алғыс сөз алған Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнімен барша қатысушыларды құттықтап, отанды сүю, оны қадірлеудің маңызын түсіндіріп, туған жердің уыс топырағы әрбір қазақ үшін қасиетті де қастерлі екенін айта кетті.

Алқалы жиында басқа да қатысушылар өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, игі бастамаларға қатысты талқылаулар өтті. Кеш соңында барша қатысушыларға арналып, шай үстелі ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру