Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Кәсіпкерлерге семинар ұйымдастырылды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 04.09.2024 518 0 пікір
Ақмола: Кәсіпкерлерге семинар ұйымдастырылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Көкшетауда бір топ кәсіпкермен кездесті.

Семинар түрінде өткен жиында «Зекет және ұшыр» тақырыбы кеңінен сөз болды. Шариғаттағы қайырымдылық тағылымы жайлы бизнес өкілдеріне кеңестер берілді.

«Мұсылманшылық тек намаз оқумен бітпейді, ол бар ізгіліктің шуағын шашу, қайырымдылық жасау, бауырлық таныту секілді сипаттармен де көрінеді. Бүгінде бизнестің тетігін ұстаған көп азамат тапқан пайдасынан жарлы-жақыбайларға да қарасады» деді Мақсатбек Мақсотұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру