Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам облыс әкімімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.07.2024 1714 0 пікір
ШҚО: Бас имам облыс әкімімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы аймақ басшысы Ермек Беделбайұлымен кездесті.

Облыс әкімінің қабылдауына бас имаммен бірге Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өкілі, дін істері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.

Кездесуде бас имам: «ҚМДБ жанынан «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы құрылып, жерлеу рәсімдерін ел көлемінде бір ізділікке түсіру бағытында жұмыстар атқарып жатыр.

Облысымызда осы бағытта шешімін таппай отырған мәселелер де бар. «Қамқор – Шарапат» орталығына тиесілі мәйітхана ғимаратына арналған жер бөлу және ғимарат салу, яғни жерлеу рәсіміне қатысты барлық салт-жоралғыларды орталықтандыру маңызды» деп атап өтіп, өзекті сауалдарды таныстырды

Облыс әкімі Ермек Беделбайұлы барлық ұсыныстарды мұқият саралап, байланысты мамандармен кеңесе отырып, нақты шешімдер қабылдады. Аймақ басшысы салттық қызмет көрсетумен түрлі жекеменшік ұйымдар емес әрбір конфессия осы жұмысты қолға алу жөн деп шешті. Облыс орталығында салынатын мәйітхана құрылысына салымшы болып «DK-проект» ЖШС белгіленді.

Кездесуде құрбандық шалуға, мал союға арнайы орын бөлініп, сол жерді барлық талаптарға сәйкестендіру жұмысы басталатын болды. Қабылдауда қаралаған барлық ұсыныстар облыс басшысы Ермек Беделбайұлының тарапынан қолдау тапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру