Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы аяқталды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 05.07.2024 491 0 пікір
Алматы облысы: «Имани жаз-2024» сауат ашу курсы аяқталды

ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бағытының жылдық жоспарына сәйкес Алматы облысының мешіттерінде өткен «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсының жұмысы аяқталды.

Аталмыш курс барысында Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарына қарасты құлшылық үйлерінде барлығы 2 876 шәкіртке «Құран әліппесі», «Имандылық әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» сияқты пәндер оқытылды. Жазғы демалысын мұсылманша сауат ашуға арнаған дарынды да зейінді балалар дәрістерден бөлек табиғат аясында дем алып, қалған уақыттарында ұстаздарының ұйымдастыруымен түрлі шеберлік сағаттарына да қатысқанын айта кеткеніміз жөн.

Орталық «Қапшағай» мешітінде өткен салтанатты сертификат табыстау рәсіміне Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы арнайы қатысып, жас шәкірттерге Алла Тағаладан білімге деген ықылас, әдеп пен зейін тіледі.

Қорытынды емтихан бойынша үздік нәтижеге ие болған балаларға қаржылай сертификаттар табыс етілсе, өзге шәкірттерге де ақшалай сыйлықтар берілді.

Бұдан бөлек өңір бойынша Діни оқу-ағарту бағытына жауапты қызметкер Сәкен Еншібайұлы және ұстаздардың ұйымдастыруымен балаларға ақ дастарқан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру