Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Диянет» және «Зекет» қорлары мұқтаждарға сый жасады

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.06.2024 573 0 пікір
«Диянет» және «Зекет» қорлары мұқтаждарға сый жасады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Түркия дін істері басқармасына қарасты «Диянет» қорымен бірігіп елордадағы «Саңыраулар қоғамы», «Ерекше аналар» және тағыда басқа бірнеше қоғамдық қорлармен қоса 70 адамға құрбан еттерін табыстады.

Мейірімділікке толы Құрбан айт қарсаңында ерекше қажеттілігі бар жандар да тыс қалмай отыр. Қос бірдей қайырымдылық ұйымы жұмысы барысында естімейтін және сөйлемейтін тұрғындарға құрбан еті үлестірілген болатын.

Алдымен «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев жиылған көпшілікке бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Құрбан айт мерекесімен құттықтау тілегін жолдады.

«Біздің ұранымыз: «Құрбанынды бөліс, бауырластығынды жақындастыра түс!» Қанша жылдан бері осы мақсатта игі істерге бастамашы болып, жүргізіп келеміз. Бұл біздің ұстанымызға айналды. Баршаңызға алғыс айтамын. Және осы іс-шараны ұйымдастырып отырған «Зекет» қорына алғысымды білдіремін» - деді Түрік елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Кечит Бодур.

Айта кетсек, «Зекет және қайырымдылық» қорының «Диянет» қайырымдылық қорымен бірлескен жобасы аясында 300 адамға құрбан еттері табысталды.

Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қоры 115 бірлестікке жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру