Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда Құрбан айт мейрамы отбасылық деңгейде аталып өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 17.06.2024 596 0 пікір
Қарағандыда Құрбан айт мейрамы отбасылық деңгейде аталып өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасымен қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде отбасылық деңгейде аталып өтті.

Шараның ашылу шымылдығын Қарағанды облысының имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жиналған қауымды құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, шараның мән-мақсатын жеткізіп, ұлық мейрамның қадір-қасиеті жайлы насихат айтты.

Шара барысында Қарағанды қаласындағы ата-ана қарауынсыз қалған бүлдіршіндерге ыстық ас пен ойыншықтар үлестірілді. Берекелі шарада бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында айттық таратылып, тегін балмұздақтар мен тәттілер және ойыншықтар берілді.

Жылдағы дәстүр бойынша мешіт ауласында жиналған дүйім жамағат қазақтың ұлттық ойындары «қой көтеру» және «кір тасын көтеруден» бақ сынасты. Жеңімпаздар қаржылай сертификаттармен марапатталды. Қарағанды қаласындағы халал сертификатын иеленген он сегіз мейрамхана мен кондитерлік өнімдер өз өнімдерін ұсынып, мерекенің сәнін келтірді. Бүлдіршіндердің құрметіне аниматорлар өнер көрсетіп, ойындар ойнатылды. Жамағатқа тегін палау үлестірілді.

Отбасылық деңгейде атап өтілген діни мереке қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру