Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлытау: «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының қызметін цифрландыру басталды

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.06.2024 352 0 пікір
Ұлытау: «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының қызметін цифрландыру басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысын жетілдіру, сондай-ақ ел аумағындағы зираттарды цифрландыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда мешіт қызметкерлері мен еріктілердің атсалысуымен 10 облыс орталықтарындағы зираттарға цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Зираттарды цифрландыру жұмыстары бойынша «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы мен «Sharapat Digital» ЖШС директоры Еркін Тойжановпен бастаған жұмысшы топ іс-сапармен Ұлытау обылысына барып қайтты.

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ-ның Ұлытау облысының бас имамы Елдос Қуандықұлы, облыстық дін істері басқармасының мамандары, ардагерлер кеңесі мен қоғам белсенділері және еріктілер қатысты.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сутенұлы ҚМДБ-ға қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының зираттарды цифрландыру жұмысын қолдап, жұмыстарына береке тілеп, батасын берді.

Аталған іс-шарадан кейін, семинарға қатысушылар Жезқазған қаласындағы үлкен зиратқа барып цифрландыру жұмыстарына атсалысты. Шара соңында ҚМДБ-ның Ұлытау облысының бас имамы Елдос Қуандықұлы, «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы мен «Sharapat Digital» ЖШС директоры Еркін Тойжанов «Жошы хан» кесенесіне зиярат етіп, ата-бабалар рухына Құран бағыштап, дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру