Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: 200 отбасыға көмек көрсетілді

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 16.05.2024 462 0 пікір
Алматы облысы: 200 отбасыға көмек көрсетілді

Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Тайқазан» жобасының кезекті ауқымды қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

«Сынаққа сабыр ету – мұсылманның сипаты. Қиындыққа еш мойымаңыздар. Бала-шағаларыңыздың қызығын көріңіздер. Сіздердің отбасыларыңызда елім, жерім дейтін салиқалы азаматтар өсе берсін», деп облыс бас имамы жиналған көпшілік қауымға батасын берді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру