Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Шемонаихада зираттар тазаланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 15.05.2024 424 0 пікір
ШҚО: Шемонаихада зираттар тазаланды

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мешітінің ұйытқы болуымен ауыл зиратына тазалық жұмыстары жасалды.

Шара барысында желмен ұшып келіп зираттардың арасына жиналған әртүрлі қоқыстар және адам жүруге қиындық келтіретін арам шөп тазартылды.

Бұл туралы игі бастама иесі Шемонаиха аудандық мешітінің бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы: «Дінімізде тазалық иманның жартысы деген асыл қағида бар. Ауыл зиратын тазартып жатырмыз. Бұл шараға ауылдың дін қызметкерлері белсенді қатысуда» деп атап өтті.

Ауыл мешітінің игі бастамасына ауыл тұрғындары риза болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру