Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының зираттарында тазалық жұмыстары жүргізілді

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 14.05.2024 422 0 пікір
Алматы облысының зираттарында тазалық жұмыстары жүргізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Өткенге құрмет – тіріге міндет» бастамасына орай «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жергілікті филиалы Алматы облысына қарасты зираттарда тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының жетекшілік етуімен Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен жамағаты елді мекендердің маңындағы зираттарды қоқыстан тазартып, марқұмдардың рухына Құран бағыштады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру