Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Қала имамдарына дәріс оқылды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 14.05.2024 444 0 пікір
Ақмола: Қала имамдарына дәріс оқылды

Мүфтияттан арнайы келген ҚМДБ Діни оңалту бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Данияр Кенжалин Көкшетау қаласы мешіттерінің имамдарына өз саласы бойынша дәріс оқыды.

Онда жат ағымдардан арылудың жолдары, жастардың осындай ағымдар жетегінде кетпеуі үшін алдын алу жұмыстарын жүргізудің жай-жапсары түсіндірілді. Мүфтият өкіліне көптеген сауалдар қойылды. Осы бағытта арнайы заң қабылданса деген ұсыныстар да ортаға салынды.

Әрине, Мүфтият мұндай теріс ағымдармен күресті жандандыра түсетіні анық. Ал, осы бағыттағы заң мәселесі атқарушы биліктің құзырында болғасын, ол турасында ойлар айтылып жүргенін де тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру