Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыдан Орал өңіріне көмек жіберілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 04.05.2024 825 0 пікір
Қарағандыдан Орал өңіріне көмек жіберілді

ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қиындықта ел бірге» бастамасымен Қарағанды облысының халқы Батыс Қазақстан облысындағы  су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 2 250 000 теңге көлемінде қаржылай көмек жіберді.

«Зекет және қайырымдылық» қоры Қарағанды облыстық өкілдігінің мұрындық болуымен көршілес өңірге гуманитарлық көмекті жинауға Қарағанды облысының жанашыр халқы, өңір тұрғындары, мешіттері, кәсіпкерлері, еріктілері, аймақ жамағаты және т.б қол ұшын созды. Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы осы игі іске ат салысқан барша облыс тұрғындары мен халқына алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.  

Айта кетейік, бұған дейін Петропавлдағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 80 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру