Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ел үлесі – пәтерге»: 755-пәтер Ақтөбе өңірінде табысталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 02.05.2024 388 0 пікір
«Ел үлесі – пәтерге»: 755-пәтер Ақтөбе өңірінде табысталды

Өткен аптада Ақтөбе облысының Шалқар ауданында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 755-пәтер табысталды.

Аймақтағы кәсіпкердің қолдауымен жиналған қаржыға сатып алынған пәтер Нұрлан Кабулов есімді тұрғынға бұйырды. Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков күндердің сұлтаны жұмада мешітке жиналған жамағатқа «Ынтымақ пен бірлік» тақырыбында жұма уағызын айтып, пәтер кілтін жас отбасы, Шалқар ауданының тұрғыны Нұрлан Жылқыбайұлына табыстады.

Сондай-ақ, «Ауызбіршілік танытып, игі шараға атсалысқан ағайынға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков. Өз кезегінде пәтерге ие болған Нұрлан Жылқыбайұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, акцияға үлес қосқан барша жамағатқа алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру