Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе-колледж шәкірттерімен кездесу өтті

abu-hanifa.kz 02.05.2024 494 0 пікір
Медресе-колледж шәкірттерімен кездесу өтті

Алматы қаласының Қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мүшелері «Әбу Ханифа» медресе-колледжіне арнайы келіп, шәкірттермен кездесті. 

Атап айтқанда, басқарма төрағасы Асия Ақанова, оның орынбасары Серік Аманжолұлы, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Еркінбек Рақышев пен Республикалық партияның мүшесі, қала мәслихатының  депутаты Салтанат Бахтиярқызы, Алматы қалалық дін істер басқармасының төрағасы Нұрлан Кикимов медресе ұжымымен және білім ошағының бүгінгі тынысымен танысты. 

Жиын басында сөз алған медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет шәкірттерге қонақтарды таныстырып, медресе тіршілігі туралы хабар берді. Одан кейін басқарма төрағасы Асия ханым медресе ұжымына және шәкірттеріне жылы лебізін білдіріп, әрқашан медресеге қамқор болатынын білдірді. Сондай-ақ медресе бітірген діни қызметкерлердің  қоғамдағы маңыздылығы туралы және халықпен етене араласу барысында туындайтын түйіткілді мәселелерге тоқтап, өз ойларын бөлісті. 

Жиын соңында шәкірттер өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сөз соңында белгілі кинорежиссер Еркінбек Абдғаппарұлы шәкірттерге өз батасын беріп, жиынды аяқтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру