Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жолға шықты

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 26.04.2024 379 0 пікір
Алматы: Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жолға шықты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмек бастамасымен Алматы қаласынан кезекті гуманитарлық көмек Петропавл қаласына жөнелтілді.

Аталған аймаққа жәрдем жүк көлігін шығарып салуға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов қатысты. Петропавл қаласына 20 тонна гуманитарлық зат жинақталған ауыр жүк көлігі жолға шықты. Су тасқынына зардап шеккен халыққа ең қажетті заттар, атап атқанда жаңа киім, азық-түлік, ішетін су, көрпе-төсектер қамтылған. 5 матор, су сорғыш, дәрі-дәрмектер, перекись, йод және тұрмыстық заттар тиелді. Жас балалар жөргектері (памперс) және төсек жабдықтары бар. Сонымен қатар қала мешіттерінің атсалысыуымен жамағат пен тұрғындар тарапынан 8 000 000 теңге қаржылай көмек ретінде қаражат аударылды.

Жалпы Алматы қаласы бойынша су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 30 000 000 теңге қаржылай жәрдем, 120 тонна гуманитарлық көмек өңірлерге жеткізілді. Алла елімізге амандық берсін! 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру