Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастар ісі секторы Петропавлға гуманитарлық көмек жіберді

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 23.04.2024 333 0 пікір
Жастар ісі секторы Петропавлға гуманитарлық көмек жіберді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қиындықта ел бірге» бастамасына Жастар ісі секторы да үн қосып, Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аймаққа 1 фура жүк көлігі жолға шықты.

Гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігін шығарып салу шарасына ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай, Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов пен сектордың жауапты өкілі Рахымжан Талғатұлы, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

«Әлеуметтік көмекті жинауға Астана қаласының Жастар ісі секторына жауапты барлық имамдарымыз, жанашыр халқымыз бен кәсіпкерлер, еріктілер мен жамағатымыз қол қабыс етті. Гуманитарлық көмек ішінде азық-түлік, қажетті киімдер, күрек, қап, резеңкелі етіктер және басқа да құрал-жабдықтар жинақталған. Үлес қосқан баршаңызға Алла жәрдемші болсын! Қиындық пен қуанышта да елмен әрдайым біргеміз» дейді сектор меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы.

Айта кетсек, Астана қаласынан Бас мүфти бастамасымен еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек фуралары үздіксіз жөнелтіліп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру