Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: «Аяулы ене, үлгілі келін» байқауы өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 19.04.2024 302 0 пікір
Алматы облысы: «Аяулы ене, үлгілі келін» байқауы өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жәпек батыр ауылдық «Мәметәлі» мешітінде Әйел-қыздар жамағатынан құралған командалар арасында «Аяулы ене, үлгілі келін» байқауы ұйымдастырылды.

Алғы сөзді аудандық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Аринова Майгүл алып, ене мен келіннің арасындағы сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың маңыздылығы туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дін мен дәстүр дәріптелген танымдық шараға 5 отбасының енелері мен келіндері қатысып, байқау қорытындысы бойынша І орынға Зәуреш апамыздың Фирдаус командасы ие болып, Ұмра қажылығын жеңіп алды. ІІ орын (70.000 теңге) Раушан әпкеміздің Сәлсәбиль командасына, ІІІ орын (50.000 теңге) Базаркүл әпкеміздің Жәннат командасына, ІV орын (30.000 теңге) Айгүл әпкеміздің Райян командасына, V орын (30.000 теңге) Рыскүл әпкеміздің командасына бұйырды.

Байқаудың жүлделі орын иегелеріне сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру