Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Бас имам Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен кездесті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 18.04.2024 391 0 пікір
Қарағанды: Бас имам Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен кездесті

Қазіргі уақытта Алматы қаласында орналасқан еліміздегі бірегей ислам университеті Нұр-Мүбарак оқу орнында Қарағанды облысынан шыққан 50-ге жуық студент білім алуда. Осы орайда, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Алматы қаласына барған қызметтік сапары барысында аймақтан келген жастардың басын қосып, сұхбат құрды. ⠀

Облыс имамы университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастарға ақыл-кеңестерін бөлісті. Сондай-ақ әрбір студенттің оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады. ⠀

Басқосуда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман» жобасы аясында діни мамандарды ауылға қызметке тартудың кешенді бағдарламасын жеткізіліп, осы жолда өкілдік тарапынан да барынша қолдау көрсетілетіндігі айтылды. ⠀

Жиын соңында студенттерге арнайы дәм беріліп, облыс бас имамы білім іздену жолында жүрген студенттерге арнайы дұға жасап, ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.⠀

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру