Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкенттен Қостанайға көмек жетті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 12.04.2024 750 0 пікір
Шымкенттен Қостанайға көмек жетті

Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының арнайы көмегі Қостанай облысына келді.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының  жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы Әли Анарқұлұлы, т.б. ерікті азаматтар қатысып, тілеулестігін білдірді.  

Су тасқынынан зардап шеккендерге өңірлерге деп жиналған аманат жеткзілді. Яғни, бір жүк көлігі тіркемесімен азық-түлік, аяқ-киім, төсек орын, төсеніштер, киім-кешек, 3 дана моторлы қайық, құм салатын қап, күрек-саймандар, т,б, қажетті заттар жеткізілді.

Мұнымен қатар, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы Қостанай өкілдігіне мешіт тарапынан жиналған 10 000 000 (он миллион) теңге қаржыны тапсырды. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру