Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешіті «Айттық бізден» шарасын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 12.04.2024 382 0 пікір
«Халифа Алтай» мешіті «Айттық бізден» шарасын өткізді

Ораза айт мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті «Айттық бізден» шарасын өткізді.

Қайырымдылық шарасы барысында мешітке келген балаларға түрлі тәттілер таратылды.

«Біз айт мейрамы қарсаңында балаларға арналған осындай қайырымдылық шарасын жасап отырмыз. Айт мерекесі жалпы қауым қуанышқа кенелетін мереке. Айт мейрамында әркім балаларға қуаныш сыйласа зор сауап болады» деп атап өтті, қайрымдылық шарасын ұйымдастырушы «Уақып» қоры ШҚО өкілі Берік Кәдірұлы.

Айттыққа ие болған қуанышқа кенеліп, олардың ата-аналары мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру