Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы: 100 балаға «Рамазан тәттісі» үлестірілді

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 09.04.2024 404 0 пікір
Алматы облысы: 100 балаға «Рамазан тәттісі» үлестірілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Алматы облысының Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті жергілікті «Бақанас» мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін қуанышқа бөледі.

Өскелең ұрпаққа қасиетті Рамазан айының рухын сезіндіру, оларды имандылыққа баулу мақсатында жүзеге асқан шара барысында аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлері 100 балаға түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшаларын үлестірді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру