Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресеге су тасқынынан зардап шеккен 67 адам орналастырылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 09.04.2024 507 0 пікір
Медресеге су тасқынынан зардап шеккен 67 адам орналастырылды

Қазақстанның бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шекті, мыңдаған отбасы баспанасыз қалды. Атырау облысы Құлсары  қаласынан келген 67 азамат, оның ішінде 37 бала Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жанындағы медресеге орналастырылды.

Тасқын судан зардап шеккен тұрғындар жылы орындарға орналастырылып,ыстық тамақ,киім-кешекпен қамтамасыз етілді.Эвакуацияланған жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің жіті бақылауында.

Көктемгі қарғын су біраз аймақты әбігерге салды. Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Тасқыннан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу,қиындықта көмектесу барша мұсылманға парыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру