Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бөлім меңгерушісі медресе шәкірттерімен кездесті

abu-hanifa.kz 08.04.2024 361 0 пікір
Бөлім меңгерушісі медресе шәкірттерімен кездесті

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл және оның орынбасары Серікбол Аршабаев Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжі шәкірттерімен кездесу өткізді.

Алдымен «Әбу Ханифа» медресе-колледжі директоры Құлмұхаммед Маханбет жуырда ғана бөлім меңгерушісі болып жаңадан тағайындалған Хасан Ташайұлын ұстаздар мен шәкірттерге таныстырды. Бөлім басшысы шәкірттермен сұхбат жүргізіп, білім алу, еңбек ету, Ислам дінінің дамуына үлес қосу бағытында насихат, кеңестерін айтып, ислам дінінде ғылымның алатын орнын ерекше айтып өтті.

Кездесу соңында бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев оқу-ағарту, ұстаздық қызмет, діни кадр дайындаудағы ерекшеліктерге тоқталып, шәкірттердің сауалына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру