Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүфтият өкілдері – Қостанай өңірінде

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 02.04.2024 1517 0 пікір
Мүфтият өкілдері – Қостанай өңірінде

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына арнайы барып, көмек көрсетті.

Делегация құрамында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, қордың маманы Әли Мырзақұлов  және Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Күзекбай және т.б. қызметкерлер бар.

Олар әуелі Арқалық қаласындағы облыстық жедел штабқа бас сұғып, жұмысымен танысты. Содан соң, үй-жайын су басқан тұрғындар көшірілген жатақханаға барып, қажетті тұрмыстық заттарды жеткізді. Сонымен қатар, еріктілерге жәрдемдесу үшін Амангелді ауданына ат басын бұрып, резіңке етіктер, арнайы киімдер, күректер т.б. құралдарды табыстады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру