Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Рамазан айында он алтыншы пәтер берілді

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 01.04.2024 427 0 пікір
Ақмола: Рамазан айында он алтыншы пәтер берілді

Қасиетті Рамазан айында  ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 736-баспана кілті табысталды.

Ақмола облысы Ерейментау ауданында жергілікті шаруа қожалықтары «Тоқан хазірет» мешіті имамдарының ұйытқы болуымен осы құлшылық үйінде жиырма жылдан бері тазалықшы болып істейтін Амангелді Қабышұлына екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Қайырымдылық қорының бастамасымен берілген бұл үй – Рамазан айында еліміз бойынша табысталған он алтыншы пәтер. Баспана кілтін сыйлаған ауданның бас имамы Еркебұлан Олжабайұлы алдағы уақытта да осындай ізгі істер жалғаса беретінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру