Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісулықтардың жәрдемімен «Рамазан қоржыны» таратылды

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 29.03.2024 322 0 пікір
Жетісулықтардың жәрдемімен «Рамазан қоржыны» таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, Жетісу облысында «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында 100 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.

Игі шарада облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы сөз бастап, жиылған көпшілікті қасиетті аймен құттықтап, артықшылығына тоқталды.

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті айдың құрметіне және «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында мүгедектігі бар жандарға, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға азық-түлік қоржындары табысталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру