Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда 150 отбасыға Рамазан қоржыны табысталды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 29.03.2024 501 0 пікір
Атырауда 150 отбасыға Рамазан қоржыны табысталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай еліміздің барлық өңірінде «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы өтуде. «Зекет және қайырымдылық» қорының Атырау облысы бойынша мамандарының ұйымдастыруымен 150 отбасыға қайырымдылық қоржыны табысталды.

Рамазан айы бірлікке үндейтін, қайырлы істер арқылы Аллаға жақындататын берекелі ай. Бұл айда сауаптар еселенеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып қаламыздағы мешіттердің барлығы үлес қосып, қайырымды істер жасауда. Алла қабыл етсін. Атсалысқан жандарға сауаптан жазсын,-деп атап өтті Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

«Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Шалхар Дәулетханұлының айтуынша қайырымдылық қоржынына бірінші кезектегі азық-түлік өнімдері салынып, еріктілер мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізіп беруде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру