Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Қайырымдылық оразаның құрметіне арналды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 28.03.2024 292 0 пікір
Ақмола: Қайырымдылық оразаның құрметіне арналды

Рамазан – ізгілік пен мейірімділікті насихаттайтын ай. Бір түйір нанын бөліп жейтін қазақ үшін мейірімділіктің орны бөлек. Жақында Түркия Дін басқармасының қолдауымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақмола облыстық өкілдігі «KOKSHE PRO» қоғамдық еріктілерімен бірлесе отырып, мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған шара өткізді.

Осы күні барлығы 75 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит мұндай қайырымдылық ораза айында үзбей жалғасатынын айтты. Қазірдің өзінде облыс мешіттерінде қайырымдылық ауызашар астары берілуде. Осындай ізгілікке үлес қосқан кәсіпкер азаматтарға да өз ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру