Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мешіттер мен медресеге «Muftiyat» баспасының кітаптары сыйға берілді

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 13.03.2024 554 0 пікір
Шымкент: Мешіттер мен медресеге «Muftiyat» баспасының кітаптары сыйға берілді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент қалалық өкілдігінде «Рамазанда мешітке кітап сыйла» акциясы аясында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау, таныстыру, үлестіру шарасы өткізілді.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде рухани бағыттағы шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі  Мұхамеджан Естеміров, «Халал Даму» мекемесінің бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев және Жастар ісі секторы мен аудандық мешіттің имамдары қатысты.

«Шаһардағы 92 мешіт жанынан ашылған «Ихсан ілімі» имандылық кітапхана бұрышына «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Қалып», «Жұма уағызы ІІІ том», «Ой салар оқиғалар», «Пәтуалар жинағы –  төртінші кітап» сынды әртүрлі құнды кітаптармен толықты», – деді салаға жауапты М.Естеміров. 

Сондай-ақ «Рамазанда мешітке кітап сыйла» акциясы аясында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау, таныстыру, үлестіру шарасы «Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми кітапханасында да өтті. Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай және ұстаздар мен шәкірттер қатысты.

Аталмыш оқу ордасының ғылыми кітапханасына «Muftyat» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Қалып», «Жұма уағызы ІІІ том», «Ой салар оқиғалар», «Пәтуалар жинағы –  төртінші кітап» сынды әртүрлі құнды кітаптармен толықты.

Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болып шешілді. Айта кетейік, бүгінгі таңда ҚМДБ жанынан «Muftiyat» баспасы арқылы 50-ден астам әртүрлі тақырыптарға арқау еткен кітаптар жарық көрді.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру