Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау мешітінде «Рамазан – рақым айы» семинары өтті

Ақтау қалалық мешітінің баспасөз қызметі 12.03.2024 361 0 пікір
Ақтау мешітінде «Рамазан – рақым айы» семинары өтті

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде әйел жамағатының қатысуымен «Рамазан – рақым айы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Мешіт шәкірттері қасиетті ай қарсаңында алдында асыл дініміз туралы ой-танымдарын кеңейтіп, ұстаздардан уағыз тыңдады.

«Рамазан айының қарсаңында мұндай іс-шаралар мешітімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі шара барысында шәкірттердің ораза туралы, рамазан айындағы тыйымдар жайындағы сұрақтарына толыққанды жауап берілді» деді Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Ақмарал Қазиева.

Семинар барысында шәкірттерге де сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап беріп, өз ойларын ортаға салған шәкірттерге мешіт атынан сыйлықтар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру