Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Рамазанда ішімдік сатпайық» акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 12.03.2024 455 0 пікір
ШҚО: «Рамазанда ішімдік сатпайық» акциясы өтті

ҚМДБ бастамасымен қасиетті Рамазан айының басталуына орай Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешіті қасиетті Рамазан айында ішімдік атаулыны сатпау және оны мүлде тұтынбау туралы аудан орталығы Қайсенов кентіндегі сауда дүкендеріне үндеу таратты.

Кәспкерлер бұл бастаманы шын ықыласпен қолдап, сөрелерінен ішімдікті алып тастап, үндеуге қолдау білдіруде. Бұл туралы Ұлан ауданы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы: «Халқымыздағы:«Арақ – атаңнан қалған ас емес», «Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де», «Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені», – деген даналарымыз. Арақтың адам баласының дүниесі мен ақыретіне келіретін зияндары өте көп. Қаншама отбасы ішімдіктен болып ойрандалып жатыр. Бұдан да арақтың зияны туралы айта берсек көп. Сондықтан хылқымыз ішімік атаулыдан мейлінше алыс болса құба құп болар еді. Рамазан айында арақ-шарап сатуды тоқтату туралы үндеуіміз тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр» деп атап өтті.

Осынау игі бастама халықтан зор қолдау тауып, өңірдің аудан, ауылдарында арақ-шарап сатуды уақытша доғарған дүкендер саны күн санап көбейіп келеді.

Ораза кезінде кәсіпкерлер арақ-шарап саудаламай, қасиетті айда имандылықпен адамгершілік құндылықтарды, мұқтаждарға қайырымдылық жасап, иманды нығайту адам баласын бірден бір ізгілікке жол екендігі анық.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру