Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДАДА ZEKET HUB ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.03.2024 447 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДАДА ZEKET HUB ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қызылордада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорына қарасты Zeket Hub орталығы ашылды. 

Игі шараға Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы қатысты. Орталықтың негізгі қызметі – жұмыссыз немесе жаңа кәсіп үйренгісі келетін қыз-келіншектерге, мүгедектігі бар жандарға арналған тігін, кілт жасауды үйрету курстарын ұйымдастыру. 

Сонымен қатар ашылу рәсімінен соң Zeket Hub орталығы мен облыстық Отбасыны қорғау орталығы өзара меморандумға отырды. Алдағы уақытта осы меморандум аясында жаңа мамандық меңгерген сырбойылықтардың мемлекеттік грантқа қатысып, кәсіп бастап кетуілеріне толықтай көмек көрсетіледі. 

Бұдан бөлек, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев «Qaiyrymdylyq jarshylary» еріктілерімен кездесті. Облыстық мешітте өткен жүздесуде Мақсатбек Мақсотұлы Сыр өңіріндегі жүйелі жұмыстар нәтижесімен танысып, осы қарқыннан таймауға үндеді. Сондай-ақ, жиын соңында Рамазан айында атқарылуы тиіс қайырымдылық шаралары мен жүзеге асырылатын жобалар талқыланып, дайындықтары пысықталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру