Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Имамдар Рамазанға дайындық жұмысын пысықтады

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 09.03.2024 413 0 пікір
Ақмола: Имамдар Рамазанға дайындық жұмысын пысықтады

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің төрағалығымен «Болашақ» сарайында Рамазан айына орай дін қызметкерлерінің жиыны өтті.

Басқосуда оразаға дайындық мәселесі қаралып, талқыланды. Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының үндеуі әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, Рамазан айын аса тағылыммен өткізу, ізгі қоғам қағидаттарын насихаттау аса маңызды екені айтылды.

Сондай-ақ ауызашар беретін асханаларда халал талаптарының сақталуы және көбірек қайырымдылық іс-шараларды жасау жағына назар аудару тапсырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру