Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Діни оңалту бағытында семинар өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.03.2024 505 0 пікір
Қызылорда: Діни оңалту бағытында семинар өтті

ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл Сыр имамдарына «Жат діни ағым жақтастарын оңалту жұмысындағы теологиялық мәселелер» тақырыбында семинар өткізді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен оқыту семинарына аймақ мешіттерінде діни оңалту бағыты  бойынша жұмыс істейтін дін қызметкерлері қатысты.

Кәсіби біліктілікті арттыру семинарында Хасан Ташайұлы мамандарға жат діни ағым өкілдерімен жұмыс жүргізу барысында кездесетін мәселелер мен оларды тиімді шешудің заманауи әдіс-тәсілдері жайлы дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті.

Шара соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру