Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе имамдары Рамазан айына дайындық жиынын өткізді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 08.03.2024 1040 0 пікір
Ақтөбе имамдары Рамазан айына дайындық жиынын өткізді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облыстық өкілдігінде Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.
 
Жиынға Ақтөбе қаласына қарасты мешіттер мен аудандардың бас имамдары қатысты. Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы дін қызметкерлеріне Рамазан айына қатысты ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды жеткізді. 

«Алдымызда
келе жатқан он екі айдың сұлтаны Рамазан айымен құттықтаймын. Осы айда атқарар қызметіміз сапалы болуы керек. Уағыз-насихат жұмыстарының осы айда қарқын алуы, отыз күнге отыз уағыз айдарын өткізу, бас имам сағатын өткізу, оразаға байланысты сұрақ-жауап өткізіп, арнайы кітапшалар тарату, жастарға қатысты ораза, ихсан тақырыбында семинар өткізу және қайырымдылық бағытын жандандыру, әлеуметтік желіде насихат жұмыстарын жаңғырту, халыққа көрсетілетін іни рәсімдердің сапалы болуы керек. Сондай-ақ дін мен дәстүрге қатысты іс-шараларды белсенді аталар, әжелер мектебімен бірігіп өткізу керек», - деді бас имам.

Сондай-ақ
 Серікжан Еншібайұлы жуырда ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен уағызшыларға арналған форумда қабылданған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжатын таныстырып, насихат барысында аталған құжатты басшылыққа алуды тапсырды.

 
 
 
 
 
 


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру