Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам баспасөз мәслихатын өткізді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 08.03.2024 1112 0 пікір
Қызылорда: Бас имам баспасөз мәслихатын өткізді
Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы Рамазан айына орай баспасөз мәслихатын өткізді.
 
Өңірлік коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз жиынында бас имам Рамазан айы, Қадір түні, Тарауық, Айт намаздарының басталу уақыты мен білгіленген пітір, підия мөлшерін мәлімдеп, ораза ұстаудың шарттары мен үкімдерін толық түсіндірді.
 
Сондай-ақ 30 күн бойы Сыр мешіттерінің ұйытқы болуымен өтетін іс-шаралар легін хабарлады. Атап айтқанда, рухани кеш, «Рамазанда бір тал ек», «Рамазан айында ішімдік сатылмасын!» және т.б. акциялар, «Намаз оқып үйренейік», «Бір айда Құранға түс» марафондарын, «Отбасындағы ихсан», «30 күнге 30 видео уағыз», «Рамазан және Бас имам сағаты» насихат жұмыстары мен сұрақ-жауап айдарларын, «Ел үлесі пәтерге», «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Отбасылық ауызашар», «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі», «Жомарт жұма» секілді қайырымдылық шараларын, семинарлар, интеллектуалды білім сайыстары мен Құранды жатқа және мәнерлеп оқу байқауларын өткізу жоспарлануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру