Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Рамазан айына дайындық пысықталды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 08.03.2024 351 0 пікір
Шымкент: Рамазан айына дайындық пысықталды

ҚМДБ  Шымкент қалалық өкілдігінде қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Ерман Бекбауов, Азамат Әбдікерімұлы,  Айбек Азимбаев және мешіт имамдары мен қалалық Әйел-қыздар секторының мамандары

Мәжіліс барысында ҚМДБ бекіткен қасиетті Рамазан айында атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылды. Соның ішінде, қала әкімдігімен бірлесіп өткізетін қайырымдылық шаралары мен уағыз-насихат жұмыстары, ауызашар дастарханы, тарауих намазында хатым Құран өткізу барысы, мешіттердің қауіпсіздігі, тәртіп мәселелері мен әз-Наурыз мерекесін атап өту жәйі және әлеуметтік желі арқылы онлайн насихаттар мен күнделікті сұрақ-жауап орталығының жұмысы туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, заман талабына орай онлайн зекет беру, пітір, садақа, фидия мәселелері айрықша тоқталды. Мұнымен қатар, биылғы жылы айрықша атқаратын жұмыстардың бірі – ауызашар дастарханы мәзірі мен қайырымдылық ретінде берілетін «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі», «Рамазан қоржыны» себеттеріне салынатын азық-түлік өнімдерінің ҚМДБ Халал сертификатына ие болуы, яғни құрамында күмәнді заттармен қоспалардың болмауына баса назар аудару қажет екендігі тапсырылды. 

Жиын соңында бас имам Бақдәулет Нұрматұлы тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру