Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа дастарқан жайылды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 12.02.2024 525 0 пікір
БҚО: «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа дастарқан жайылды

Батыс Қазақстан облыстық «Ар-Рахман» мешітінде өкілдіктің ұйымдастыруымен «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» жылы аясында мешіт жамағатына арналып ақ дастарқан жайылды.

Дастарқан басында БҚО бас имамы Самат Әлібаев сөз бастап, қасиетті Шағбан айының келуімен құттықтап, Бас мүфти биылғы жылды діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы деп жариялағанын айтты.

«Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді деп сенемін. Сол жолда асыл дінімізді дәріптеуге және қала имамдары мен жамағаттарымызды ұйымшылдықпен бірге қызмет атқаруға шақырамын», - деді бас имам Самат Қанатқалиұлы.

Аталмыш мешіттің ұстазы Талғат Искалиев «Жамағаттың бірлігі мен ынтымағы» хақында уағыз айтса, асыл дініміз турасында сауалдар қойылып, жауап берген жамағатқа кітаптар мен бағалы сыйлықтар сыйға берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру