Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Қуанса, бала қуансын!

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.02.2024 471 0 пікір
Қызылорда: Қуанса, бала қуансын!

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт имамдары балаларға қуаныш сыйлады.

Нақтырақ айтар болсақ, игі шара аясында «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының 49 тәрбиеленушісі облыс орталығындағы «Kids Boom» балалар ойын-сауық орталығында асыр салып ойнады, ақ дастарқан басында ақын, сазгер, әнші Үкітай Айжігітұлы ағаларының өнерін тамашалап, бірге күй орындады.

Облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы жас жеткіншектерді қасиетті ережеп айымен құттықтап, қолдау көрсеткен «Kids boom» ұжымына және спорт тауарларын сыйға тартқан «Biali» дүкенінің директоры Асхат Шәукенбаев мырзаға ризашылығын жеткізді.

Кезекті демалыстарын қызықты әрі қуанышқа толы сезіммен өткізген балалар үйінің тұрғындары ұйымдастырушылар мен демеушілерге көңілді күн үшін алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру