Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Брайль қарпін оқыту бойынша кездесу өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 09.02.2024 527 0 пікір
Маңғыстау: Брайль қарпін оқыту бойынша кездесу өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында зағип жандар үшін мешіт жандарынан «Брайль» әдісімен Құран үйрету курстарын ашуды тапсырған болатын. Осы орайда ҚМДБ-ның «Ізгі қоғам» бағыты аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің өңірдегі жауапты маманы Марат Жарылқапұлы зағип оқырмандармен кездесу өткізді.

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында өткен кездесу барысында ҚМДБ-ның «Брайль әдісі» бойынша  Құран Кәрімді оқыту жобасын таныстырып, кітап оқушы еріктілердің тізімі алынып, Брайль жүйесі бойынша маман шақырғалы жатқанын мәлімдеді. Брайль қарпін дамытудағы мақсат – ерекше қажеттілігі бар жандарға дін насихатын жүргізу, Алланы таныту. Қазіргі таңда Бас мүфти тапсырмасы аясында біршама жұмыстар атқарылып, Брайль қарпімен оқыту курсын ашу жоспарлануда.

«Брайль қарпі – көру қабілеті төмен жандарға арналған арнайы жазу жүйесі. Зағип жандарды  қолдау мақсатында арнайы курстар ашу,білікті маманмен қамтамасыз ету мақсаты жүзеге асырылуда. Ендігі межеміз – Брайль жүйесімен Құран және басқа кітаптарды оқырмандарға табыстап,көзі көрмейтін адамдарға жазу мен оқуға мүмкіндік беру» деді облыс бас имамы.

Кездесу соңында оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға Марат Жарылқапұлы жауап беріп, ой бөлісті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру