Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 08.02.2024 883 0 пікір
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ИМАМДАРЫНА АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өңірге қарасты мешіттерге жаңа қызметке үміткер мамандар – имам-ұстаздарға аттестаттау өтті.

Аттестаттау комиссиясының құрамында Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Берікбол Жанақов, Шариғат және пәтуа бөлімі маманы Бауыржан Әбдуәлі болып, діни қызметке үміткерлердің білімі мен біліктілігін сараптады. Діни қызметке үміткерлер Құран мен ақида және фиқһ ілімдерінен Сонымен қатар ҚМДБ-дан және Республикалық Имамдар форумында қабылданған концептуальды құжаттардан және діни қызмет туралы заңдардан сынақ тапсырды.

Аттестаттау жұмысы туралы ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Өңірдегі бірқатар мешіттерді имамдармен қамтамасыз ету бағытында осы сараптама жұмысы ұйымдастырылып отыр. Сынаққа қатысушылар білім жетілдіру курстарынан өткен қызметке лайық үміткерлер. Заман талабына сай діни қызметкерлеріміз жан-жақты білімді, болуы шарт. Олар Құран мен шариғат ақида фиқһ және ҚМДБ-ның негізгі құжаттарын жеттік меңгеріп, талаптарға сай болуы тиіс», - деп атап өтті.

ШҚО өкілдігі аттестаттау жұмысына тыңғылықты әзірлік жасап, жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Аттестаттауда оң нәтиже көрсеткен үміткерлер ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешіттерге діни қызметке тағайындалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру