Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда тағы бір шәкірт қари атанды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 06.02.2024 669 0 пікір
Павлодарда тағы бір шәкірт қари атанды

Павлодар қаласында орналасқан «Мәшһүр Жүсіп» Құран жаттау орталығында тағы бір шәкірт екі жыл ішінде өзінің ынтасы мен ықыласының арқасында Құран Кәрімді толық жаттап шықты.

Құран жаттау орталығының ұстазы Арыстанның жетекшілік етуімен павлодарлық Бекзат Сәбитұлы қасиетті Құран Кәрімді бастан-аяқ жаттап, ұстаздарының батасын алды.

Осы жақсы жаңалықты Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мешітке жиналған жамағатқа жариялап құттықтаса, Ерболат есімді жамағат Бекзат қариға ұмра қажылығына жолдаманы сыйға тартты.

Алла Тағала баршамыздың зейінімізді ашып, жүрегімізді Құранмен нұрландырсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру