Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының имамдарына Құран курсы басталды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 06.02.2024 622 0 пікір
Алматы облысының имамдарына Құран курсы басталды

Алматы облысындағы діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында жергілікті имамдарға арналған 2 айлық Құран курсы өз жұмысын бастады. 

Облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының бастамасымен жергілікті дін қызметкерлеріне 3 деңгей (2, 1 және жарты пара) бойынша дәрістер өткізілетін болады.

Атап айтқанда имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру