Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Zeket Hub: Шоколад жасаудан шеберлік сағаты өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 06.02.2024 540 0 пікір
Zeket Hub: Шоколад жасаудан шеберлік сағаты өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының елордадағы Zeket Hub орталығында қыз-келіншектерге арналған қысқа мерзімді шеберлік сағаты өтті.

Бұл жолы арулар қауымы әртүрлі қалыптағы шоколад жасаудың қыр-сырын үйренді. Мұндай курстар, шеберлік сағаттары әсіресе үйде бала күтімімен отырған жас аналарға, келіндерге өте пайдалы дейді қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев.

Еске сала кетейік, «Балық берме, қармақ бер» жобасы бойынша ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры елорда тұрғындарына әртүрлі шағын кәсіптерді үйрету мақсатында тегін курстар өткізіп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру