Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 06.02.2024 453 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Шымкент орталық мешітінде «Qamqor-Sharapat» орталығының қызметін цифрландыру» тақырыбында аймақтық семинары өтті.

Семинар жұмысын шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып жүргізіп отырды. ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Sharapat Digital» ЖШС директоры Еркін Тойжанов, «Qamqor-sharapat» орталығының өңірдегі жетекшісі Ербосын Орын арнайы баяндама жасады. Айта кетсек, Мейрамбек Қабылбекұлы еліміз бойынша жерлеу рәсімдерін біріздендіру, ысырапқа жол бермеу, құлпытас орнату және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты негізінде жұмыс істеу екендігін айтты.

Бұдан кейін Еркін Тойжановтың баяндамасында бұрын қайтыс болған марқұмдардың аты-жөнін жинақтап, бір орталықта сақтау, цифилік жүйге енгізу сынды жаңа бастамалар айтылды. Ал орталықтың өңірдегі өкілі Ербосын Бектұрсынұлы арнайы жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндама оқыды.

Жалпы қала аумағында 36 мұсылман мазараты бар.  Осы бағыттың жұмысын дамыту қажет екендігі айтып, барша имамдарға нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру